2030 жылы мұсылмандар екі рет ораза ұстайды

1 927

Фото: Ru.freepik.com2030 жылы мұсылмандар қасиетті Рамазан айында екі рет ораза тұтады. Астрономдар мұндай құбылыстың сирек болатынын айтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2030 жылы бірінші Рамазан 5 қаңтарда басталса, ал екінші ораза 26 желтоқсанда басталады. Бұл мұсылмандар бір жылда екі рет, яғни 36 күн ораза тұтады деген сөз. 

Алайда екі ораза да қыс мезгіліне түсіп тұрғандықтан күндізгі оразаның уақыты қысқарады. Ал бұл ауыз бекітуді жеңілдетеді. 

Мұндай құбылыс күн (григориан) және ай (ислам) күнтізбесінің айырмашылығына байланысты болады. 

Саудиялық астроном Халид әл-Закактың айтуынша, мұндай құбылыс шамамен әр 30 жыл сайын қайталанып отырады. Соңғы рет мұндай құбылыс 1997 жылы, ал одан бұрын 1965 жылы болған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.