Елімізде жемқорлықты көп жасайтын өңірлер белгілі болды

310

Жыл басынан бері Қазақстанда 1,3 мың сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30,5%-ға артық деп хабарлайды   turkystan.kz



«Пара алудың ең көп дерегі Алматы облысында тіркелді: 89 құқықбұзушылық. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 85,4%-ға артық. Алғашқы үштікке Шымкент (69 құқықбұзушылық, бір жылда плюс 68,3%) және Нұр-Сұлтан (68 құқықбұзушылық, минус 6,8%) кірді. Еліміздің барлық облыстары арасында ең аз пара алу фактілері Ақмола облысында тіркелді: жыл басынан бері небәрі 11 құқықбұзушылық тіркелді, жылдық өсім 2,2 есе», – делінген  Finprom.kz сайтында.