Қызылордада Түркістандық такси жүргізушісі есірткі тасымалдағаны үшін сотталды

1 559

Түркістан қаласынан азаматы «ІnDriver» қалааралық такси қызметін көрсете отырып, Түркістан қаласынан Астана қаласына, «Huyndai elantra» автокөлігімен, «Қызылорда – Павлодар» тас жолымен жолға шыққан,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Такси жүргізушісін полиция қызметкерлері тоқтатып, көлікті қызметтік иттің көмегімен тексереді. Тексеру барысында машинаның жүк салғышындағы сөмке ішінен 150 дана сіріңке қораптарына салынған марихуана шықса, сондай-ақ алдынғы жолаушының орындығының астынан тағы 4 қорап табылған, жалпы салмағы 1кг. 14гр. құраған.


Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, такси жүргізушісінде табылған «жүкті»  Түркістан тұрғыны Астана қаласына жеткізу үшін сәлемдеме ретінде бергені анықталды. Сәлемдеме жіберуші ұсталды.


Қызылорда соты ұсталған адамды ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу ) және оны он екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.