Қызылордада Республикалық Жайдарман ойындары өтті
365
Қызылорда қаласында республикалық "Жоғары лига" ойындарының құрамаларымен Жайдарман ойындары өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
JCI – Jaidarman Creative Industry орталығы республикалық Жайдарман фестивалін ұйымдастырды. Кешті Есен Елеукен жүргізді. Әділ қазылар құрамында "Қайсар" Қызылорда облыстық футбол клубы" ЖШС директоры Садық Мұстафаев, Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының басшысы Мұхтар Ниязов, Жайдарман ойындарының бұрынғы әзілкештері Марат Достаев (Шымкент), Жанболат Досболов (Түркістан) және "Өнер қырандары" театрының авторы Абдусайд Тулегенов болды.
Жекпе-жек форматында өткізілген фестивальде "Медиум" командасы (Тараз қаласы), "Эверест" құрамасы (Алматы қаласы), "Абырой" командасы (Шымкент қаласы), "Ақпен бірге" командасы (Алматы қаласы), "Қазалы құрамасы" (Қазалы ауданы), "Рудный құрамасы" (Қостанай облысы), "Барыстар командасы" (Ақтау қаласы), "Арал АС" (Қызылорда командасы) облыс командалары өнер көрсетіп, көрермен көзайымы болды.
Нәтижесінде жекпе-жек форматында өткізілген Жайдарман фестивалінің алғашқы жұптары Тараз қаласынан келген "Медиум" командасы мен шымкенттік "Абырой" командасы. Бұл жұпта 3-2 есебімен "Медиум" командасының әзілдері салмақты болды. Екінші жұп алматылық қыздардан құралған "Ақпен бірге" командасы мен алматылық жігіттерден құралған "Эверест" командасы. Бұл жұпта да 3-2 есебімен қыздар жеңіске жетті.
Келесі жұп, ойындары трилогияға ұласқан "Қазалы құрамасы" мен қостанайлық "Рудный құрамасы". Бұл жұпта қызылордалықтар қонақжайлық танытып, рудныйлық жігіттер жеңіске жетсе, соңғы жұп, Жайдарман ойындарының бұрынғы әзілкештерінен құралған Ақтаудың намысын қорғап келген "Барыстар командасы" мен чемпиондар, Қызылорданың мақтаныштары "Арал АС" командасы. Бұл жекпе-жекте астарлы әзілдерімен Аралдан келген жайдарманшылар жеңіске жетті.

Телевизиялық Жайдарман ойындарын Сыр елінде өткізсек деген ұсынысымызды қабыл алып, барлық жағынан қолдау жасаған Есен Елеукен ағама алғысым шексіз. Шараның жоғары деңгейде өткізілуіне қолдау білдіргені үшін Қызылорда қаласының әкімдігіне, Қоғамдық Даму басқармасына және Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының ұжымына алғысымызды білдіреміз!, – деді "Қазақстан КВН Одағы" РЖҚБ "Қызылорда КВН" филиалының директоры Әліби Басаров.