Еліміздің бір өңірі "жасыл" аймаққа өтті
386
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Түркістан облысы "сары" аймақтан "жасылға" өтті.
4 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр. "Сары" аймақта ешбір өңір жоқ. "Жасыл" аймақта тек Түркістан облысы. Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 7519 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың 110-ы Түркістан облысынан. Осылайша жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 602 952-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 3 554 адам індеттен жазылып шыққан.
Қазір 107 016 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 786 адамның жағдайы ауыр, 412 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 209 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты әкімдер мен министрлерге тапсырма берген еді. "Дельта" штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 пайызы, ал реанимациялық орындардың 44 пайызы толық", - дейді үкімет басшысы.