Екі жасөспірім ауыр соққы алған
Екібастұз қаласында екі жасөпірім қатты соққыға жығылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта олардың біреуі жансақтау бөлімінда ауыр жағдайда жатыр. Ал екінші бала жарақаттар бөлімінде ем қабылдап жатыр
Белгілі болғандай, қос жасөспірім Екібастұз қаласындағы колледждердің бірінде оқиды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Аманкелдінің мәліметінше, 16 және 17 жастағы балалар жергілікті ауруханаға жатқызылған.
Облыстық полиция департаментінің өкілдері оқыс жағдайдың болғанын растады. Екі азаматтың денсаулығына қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Бүгінгі таңда күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілген. Тиісті шаралар қолға алынды.