Нұр-Сұлтанда Toyota қағып кеткен 51 жастағы тұрғын қаза болды
293

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан жазатайым жағдай жаяу жүргіншілер өткелінен 150 метрдей жерде болғаны көрінеді.
Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 16 тамызда сағат 22.21-де болған.
"Республика даңғылы бойымен келе жатқан Toyota Camry көлігіндегі 19 жастағы жүргізуші оң жақтан солға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті", - деді департамент өкілі.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қаза болды. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция қала тұрғындарын жолда абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.