Қазақстандағы ірі букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды

1 563

Фото: vseprosportМемлекеттік кірістер комитетінің өтініші негізінде Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы сәуірде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтамағаны үшін “Ringobet.kz” букмекерлік кеңсесін лицензиясынан айырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып қана қоймай, заң бұзғаны үшін оған айыппұл салынды.



"Ойын бизнесі туралы" Заңға сәйкес, ойын бизнесін ұйымдастырушының бәсті қабылдау сервері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері бойынша болу керек. Кезектен тыс тексеру барысында жоғарыдағы заң талаптарын бұзған бірнеше дерек анықталды. Сонымен қатар букмекерлік кеңсенің қызметі туралы лицензия алған кезде жалған ақпарат берілген”, – делінген министрлік хабарламасында. 


Осыған байланысты аталған букмекерлік кеңсе "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 464-бабының 1 және 2-тармақтары бойынша жалпы сомасы 849 мың теңге көлемінде айыппұл негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды.


Министрлік өкілдері ойын бизнесі және мемлекет мүдделерін қорғау саласындағы құқық бұзушыларды анықтау бойынша жұмысты жалғастыратынын қосып өтті. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.