Колониядан 20 жастағы сотталушының мәйіті табылды

1 533

Фото: Opennews.kz ЖИПавлодардағы колониялардың бірінен 20 жастағы сотталушының мәйіті табылды. Ол кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға 2025 жылы басталған. Сол кезде 19 жастағы жігіт 15 жастағы мектеп оқушысымен Instagram арқылы танысып, кейін қыздың үйінде кездескен. Арада жыныстық қатынас болған. Қыздың анасы бұл жағдайды біліп, полицияға арызданған.

Сот үкімімен жігіт биыл сәуірде 12 жылға сотталған.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, сотталушы өзіне қол жұмсаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.