Қызылордада сұйытылған газға сұраныс артып тұр
Аймағымызда сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Сұраныстың өсуіне байланысты облыста газ бағасын тұрақты ұстап тұру, жеткізуді жүйелі ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қабылдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев баяндады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, Қазақстан бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі 2022 жылы 1,8 млн тонна болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2,4 млн тоннаға жетті. Ал біздің облыста 2022 жылы газбен жүретін 7 290 автокөлік тіркелсе, биыл олардың саны 35 690-ға дейін артып, тұтыну көлемі 5 есеге ұлғайған. Бұл – өңірдің газға деген сұраныстың қаншалықты артқанының нәтижесін көрсетеді. Соған қарамастан, бағаны тұрақтандыру бағытынды нақты жұмыстар жұмыстар жүзге асырылып келеді.
Сондай-ақ облысымызда газ тапшылығын болдырмау мақсатында қосымша бір қатаршаралар қабылданған. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелердегі газбен жүретін автокөліктерге бензинге көшу ұсынылып, газдың ресурстық базасын ұлғайту бағытында да нақты жұмыстар қолға алынған.
– Энергетика министрлігі мен «Қазгермұнай» компаниясы арасында жасалған үшжақты меморандум аясында өндіріс көлемін жылына 60 мың тоннадан 120 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қыркүйек айынан бастап «Казпетрол групп», «Галаз и Компания» және «Тұзколь Мұнай Газ Оперейтинг» компаниялары өз кен орындарынан «Қазгермұнай» зауытына газ жеткізуді бастайды. Нәтижесінде ай сайынғы өндіріс көлемі 200 тоннаға артып, 5 200 тоннадан 5 400 тоннаға дейін жетеді. Газбен қамту тұрақты жүргізілуде. Әкімдік тарапынан күнделікті мониторинг ұйымдастырылып, тұрғындардың қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз етуге күш салынуда, –деді Ардақ Темірханұлы.