Демалыс аймағында тәртіп сақшысына шабуыл жасалды

1 917

Фото: Zakon.kzЖамбыл облысында үш баланың әкесі учаскелік полицейге күш көрсетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпараттық агенттігі. 

Меркі ауданының «Көк-көл» демалыс аймағында спирттік ішімдік ішіп отырған ер адам мен таныстары арасында жанжал туындап, төбелес шыққан. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор тәртіпті сақтауға тырысқанда, ер адам ашу үстінде полицейді бетінен ұрған. Тәртіп сақшысы жеңіл жарақат алды.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, үш баласының бар екенін ескеруді сұрады. Алайда мас күйінде жасалған бұл әрекет ауырлататын жайт болып саналды. Меркі аудандық соты оны үш жылға бостандығын шектеу жазасына кесті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.