Алматыда ұшақ шұғыл түрде қонды: қозғалтқыш істен шыққан

517
Алматы әуежайына қозғалтқышы істен шыққан ұшақ қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы ақпарат 3 қыркүйекте әлеуметтік желілерде тарады. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден оралған. Ақпаратқа сүйенсек, бұл - 2017 жылдың қазанында Алматы маңында АН-28 апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапқан әуе компаниясына тиесілі ұшақ.

Кейін бұл ақпаратқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пікір білдірді. Департамент мәліметінше, санитарлық рейс ақауға байланысты қонуға мәжбүр болған.

"East Wing әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Семейге бағыт алған. Сағат 11.12-де ұшып шыққан рейс командирі сол жақтағы қозғалтқыш істен шыққанын және әуежайға оралатынын мәлімдеді. Ұшақ сағат 11.17-де аман-есен қонды. Бортта экипаждың бес мүшесі және екі дәрігер болды", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хатшысы Дәулет Сәмбетбаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.