18 жастағы такси жүргізушісі жоғалып кетті

1 559

Фото: patriotkaragandy InstagramПолицейлер Астана-Қарағанды бағытындағы жолда жоғалып кеткен 18 жастағы такси жүргізушісі Нұрсұлтан Жәнібекұлын іздестіруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы patriotkaragandy Instagram-парақшасында жарияланды.  Жігіт сұр Chevrolet Cobalt көлігімен жеткізу қызметін атқарады.  9 желтоқсанда ол Астанадан Қарағандыға тапсырыс алған. Куәгерлердің айтуынша, ол кейін Қарағандыдан Алматыға кеткен. Осыдан кейін ол байланысқа шықпай қалды.


Полицейлер Нұрсұлтан Жәнібекұлын көрген азаматтардан Астана қаласы Байқоңыр аудандық ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөліміне 8 (7172) 71-60-87, 8 (7172) 20-23-29, 8 (775) 217 80 98 телефондарына хабарласуын сұрайды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.