Астанада 19 жастағы жігітті скотчпен байлап, тонап кетті

224
Астанада қаскүнем 19 жастағы жігітті скотчпен байлап, қымбат телефонын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші полицияға хабарласып, оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Айтуынша, ол құрылысшы жалдаған, бірақ жұмыс біткен соң ақшасын төлемеген.

Салдарынан жұмысшы күш қолданамын деп қорқытып, жігітті скотчпен байлап, банк картасы салынған ұялы телефонын алып кеткен.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 41 жастағы шабуылшы ұсталды. Ол телефонды ломбардқа өткізіп жібергенін айтты.

Сондай-ақ тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғаны мәлім болды.

Ұсталған жігіт бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.