Қызылордада істі болған азамат мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр

301
Қызылорда облысы Шиелі ауданында пробация есебіндегі істі болған азамат кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Жыл өткен сайын  пробация есебіндегі сотталғандар арасында атакәсіпті жалғастырып, мемлекеттік қолдауды пайдаланып жеке кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың саны артып келеді.

Солардың бірі Шиелі аудандық пробация есебіндегі  22 жастағы Бақытбек есімді сотталған. Ол ҚР ҚК-нің  188 бабының 3 –бөлігінің 2,3- тармақтарымен 3жыл 6 айға шектеу жазасына сотталып, оған пробациялық бақылау белгіленген.  Осы жылдың ақпан айында пробация есебіне алынған Бақытбек  жеке кәсіп ашсам деген ниетпен пробация қызметкерлерінен көмек сұрайды. Пробация қызметкерлері  құқықтық көмек көрсетіп, нәтижесінде  тамыз айында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын оқып, онлайн тестілеуін тапсырып, сертификатын алып, өз жобасын қорғап шыққан. Мемлекеттен қайтарымсыз 1 млн 225 200 теңге грант ұтып алып, ірі қара алып, санын көбейтіп  мал шаруашылығымен айналысуға бет бұрып отыр. 

Жалпы, еңбек етсем деген адамға жұмыс қашанда табылады. Тек бастайтын ісіңнің қыр-сырын білуің керек. Сосын кішкене ынтаң болса, жалқаулықтан арылып, жан-жағыңда не боп жатқанынан хабардар болып отырсаң тірлігің алға басады. Мал баққанға бітеді», демекші  ірі қара өсіру  үшін оның  күтімі мен бейнетіне шыдау қажет. Қазір елде  етке деген сұраныс  жоғары.  Сондықтан мал басын көбейтуді жоспарлап отырмын,- дейді есептегі сотталған.


Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД