Қызылордада баға тұрақтылығын сақтау мәселесі пысықталды

364

Фото: «AMANAT»партиясыПартия алыңында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT»партиясы фракциясының мүшесі Ғалым Әміреевтің қатысуымен «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру» тақырыбында жауапты сала өкілдерімен жиын өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылданып келеді.
Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін облыстың тұрақтандыру қорынан тауарлық интервенциялар жүргізу, сондай-ақ «айналым» схема бойынша бағаны тұрақтандыру механизмі аясында заем беру арқылы шаралар қабылдануда.
Тұрақтандыру қорының өнімдері және «айналым схемасы» шеңберінде қарыз алған кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері 38 әлеуметтік дүкен арқылы және облыс орталығының 17 ірі сауда үйінің әлеуметтік бұрыштары арқылы сатылуда.
Қазіргі таңда, облыс тұрғындарын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше келісім шарттар жасалды.
Форвардтық негізде келісім шарттар негізінде өңірлік тұрақтандыру қорына 1000 тонна картоп, 100 тонна сәбіз, 100 тонна қырыққабат, 400 тонна пияз сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Жиын барысында жыл бойына бағаны тұрақты ұстап тұру бағытында түрлі ұсыныстар ортаға саланып, мәселені шешудің жолдары пысықталды.