Қазақстанда әрбір оныншы сәби аралас некеден туған
Елімізде әрбір оныншы сәби аралас некеден туады. Сарапшы бұл қазақ тіліне қауіп төндіреді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Былтыр өмірге келген 370 мың нәрестенің 9%-ы аралас некеден. Яғни 34 мыңға жуығының ата-анасы әртүрлі ұлттың өкілдері екен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұлтаралық некеден туған балалардың аналары көбіне орыс ұлтынан. Қазақ ерлер орыс қыздарға үйленеді. Ал қазақ әйелдерінің басқа ұлт өкілдерімен некеге тұруы сирек кездеседі дейді.
Тарих ғылымдарының докторы Аманжол Қалыштың сөзінше, аралас некенің көбеюі қазақ тілінің жойылып кетуіне әкеледі.