Енді елімізде Hyundai Accent және Hyundai Creta көліктерінің өндірісі тоқтайды

314

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: Hyundai Trans KazakhstanAstana Motors баспасөз қызметінің мәліметінше, геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан құрамдас бөлшектерді жеткізу жұмысы тоқтап қалған. 


“Осы уақыт ішінде компания қормен жұмыс істеді, сонымен қатар Hyundai Motor Company компаниясымен басқа елдерден бөлшектерді жеткізуге шұғыл квота беру туралы келісімге келді. Қолда бар барлық бөлшек игерілді. Жақын арада жаңа бөлшектер келеді деп жоспарланып отырған жоқ", –  деп мәлімдеді компания.



Қазіргі уақытта алдағы жеткізілімдер және жаңа логистика тізбегі мәселесі пысықталып жатыр.


Компания жоғарыда аталған модельдерге кезекте тұрған клиенттерге күтуді жалғастыруды немесе Hyundai-дың басқа моделіне кезекке тұруды ұсынды.


Қосымша сұрақтар бойынша Hyundai дилерлеріне, сондай-ақ 7007 байланыс орталығына хабарласуға болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.