15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың жүктілігі артып келеді – Депутат
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың жүктілігі көбейіп келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымованың сөзінше, соңғы бірнеше жылда 15 пен 18 жас аралығындағы қыздардың жүктілігі 50,5%-ға өскен.
Оның айтуынша, аймақтық статистика тұрғысынан қыз балалардың ерте жүктілігі көбінесе Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында кездеседі.
Мәселені жүйелі шешу үшін депутаттар келесідей шешімдерді ұсынды:
- мектептерде жыныстық сауатты енгізу;
- қыздарға қолжетімді және тиімді көмек көрсету үшін барлық әлеуметтік байланыс орталықтарының жұмысын жандандыру;
- жүйелі түрде жасырын сауалнамалар жүргізу және жасөспірімдер арасында тәуекел топтарын анықтау;
- тәуекел тобына контрацепцияның тегін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- балалар гинекологиялық қызметінің жұмысын күшейте отырып, тек отбасын жоспарлау кабинеттерімен ғана шектелмей, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында сапалы консультацияларға кең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Қаз
Рус






