Қызметтік ит жоғалып кеткен 18 жастағы қызды тауып берді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қарағандыда қызметтік ит полиция қызметкерлеріне із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қызды табуға көмектесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға бойжеткеннің анасы хабарласып, қызының таңертең үйден кездесуге шығып кеткенін, алайда кешке дейін оралмай, байланысқа шықпағанын айтқан. Белгілі болғандай, қыз ұялы телефонын үйде қалдырып кеткендіктен, туыстары оның қайда екенін өз бетінше анықтай алмаған.
Іздестіру жұмысына полиция қызметкерлері мен кинолог қызметтік итпен бірге жұмылдырылды. Ит иісшілдік қабілетінің көмегімен полицейлерді қала көшелерімен бастап жүріп, бойжеткеннің жүрген жерін анықтаған. Нәтижесінде 18 жастағы қыз аман-есен табылып, үйіне қайтарылды.
Қаз
Рус






