"Асқазаны 12 жерден тігілген": сотталушы колония қызметкерлерінің ұрып-соғып, қысым көрсеткенін мәлімдеді

1 544

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы облысындағы Заречныйдағы колония тұтқыны оны қызметкерлердің ұрып-соғатынын мәлімдеп, видеоөтініш жолдады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жаркенттік сотталушы Рүстем Вариев қатаң режимдегі колония қызметкерлері оны себепсіз ұрып-соғып, изоляторға орналастырды деп айыптады. Қысымнан соң ол өз іші мен тамырларын тілімдеген, оның асқазаны 12 жерден тігілді. Жедел жәрдем түзеу мекемесіне бес-алты сағаттан кейін келді деп болжануда.


"Желілерде Заречный ауылының №12 мекемесінде “Кісі өлтіру” бойынша жазасын өтеп жатқан тұтқынның видеосы тарады. Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген, сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Сотталушының мінез-құлқы екінші теріс дәрежелі деп бағаланған. Ол ұстау шарттарын бұзғаны үшін төрт рет жазаланды. Бұған дейін мекеме әкімшілігіне қысым көрсету мақсатында бірнеше рет осындай әрекеттер жасаған", – деп хабарлады Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.