Жоқ пәтерлерді сатып, 186 млн теңге алған»: 25 адам сан соғып қалды

1 510

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: depositphotos.comӨскеменде «мемлекеттік бағдарламамен арзан баспана алуға көмектесемін» деп жұртты сан соқтырған жігіт ұсталды. Қазір тәртіп сақшылары 30 жастағы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті құрбандарын құрығына түсіру үшін тыңғылықты дайындалған. Бір баспананы жалға алып, оны адамдарға жарнамалаған. Яғни адамдарды сол үйдің болашақ қожайыны болатынын айтып сендіреді. Жұрттың сеніміне кіру үшін пәтерді рәсімдеуді де өз мойнына алыпты. Оған сенген 25 адам ақшасын беріп, енді бармағын шайнап қалды. Осылайша жымысқы әрекетімен екі жылда 186 миллион теңгеден астам қаражатты қалтасына басқаны анықталды.

Алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жауап алғанда кінәсін мойындады. Полиция департаменті тұрғын үй сатып алу кезінде құжаттарды және келісімшарттың заңдылығын мұқият тексеруге шақырады», — деді ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Нұрманбеков.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.