Тойда беташар табағына 55 млн теңге жиналды
472

Тойдың қай өңірде және қашан болғаны белгісіз. Ал жайдарманшы, «Байдың балалары» командасының ойыншысы Наурызбек Рсымовтың парақшасында желі қолданушылар бұл тойдың Түркістан облысында өткенін жазыпты. Оған келген жігіттердің әрқайсысы табаққа 500 мың теңгеден бастап, 1,5 миллионға дейін ақша салған. Әрине, бұл әрекет тойға жиылған көпшілікті қатты таңқалдарды.

«Беташарға жиналған 55 миллион теңге. Жыртыл қазақ» деген Дәулет Төлеутайұлының айтуынша, беташардан жиналған қаражатқа Нұр-Сұлтан мен Алматыдан 3-4 бөлмелі бір пәтер сатып алуға болады.