69 000 теңге: Балконда шылым шеккен тұрғындар айыппұл төлемек

524

Балконда шылым шеккен қазақстандықтар 51 750 теңге көлемінде айыппұл төлемек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Право знать Telegram-арнасына сілтеме жасап.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елімізде қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салынған. Бұл тек темекіге қатысты емес, табак өнімдеріне теңестірілген барлық заттарға қатысты. Олардың қатарында қыздырылатын табак, кальян қоспасы мен электронды шылым да бар. 


Сонымен қатар тұрғын үйлердегі ортақ балконда шылым шеккені үшін 15 АЕК (51 750 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал бұл әрекет бір жыл ішінде тағы да қайталанса, айыппұл мөлшері 20 АЕК (69 000 теңге) болады. 


Дегенмен балкон өзге тұрғындарға ортақ болмаса, ондай азаматқа айыппұл салынбайды. Себебі балкон да меншіктің бір бөлігі болып есептеледі.