"Халық нан, макарон үшін несие алады" - Ерлан Сайыров

1 541

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров халықты несиелендіру мәселесі азаматтардың кедейлігіне байланысты екенін айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәжілістегі парламенттік тыңдаулар кезінде депутат билік жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның нәтиже бермегенін айтты.


"Банкроттыққа өтінім берген 68 мың азаматтың 5,5 мыңы ғана мақұлданды. Елімізде несие алу серпіні артып келеді. Тек бір айдың ішінде 2,5 млн азамат несие алды, ал кредиттік берешек 8,9 трлн теңгеге жетті. Азаматтарды несие ала береді деп айыптауға болмайды, олар кедейліктен, нан, макарон және ет сатып алу үшін несие алуға мәжбүр. Біз қазір себеппен емес, нәтижемен күресіп жатырмыз", – деді депутат.


Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет алдында барлығын банкрот деп тану міндеті тұрмайтынын айтты. Сонымен қатар ол несиелерді жиі алу мәселесі халықтың табысының төмендігінде екенін мойындады.


"Бізде жыл сайын халықтың табысын 20-30%-ға арттыруға мүмкіндік беретін жоспар бар. Бюджетіміз әлеуметтік бағдарланған, барлық шығындардың 46%- ы әлеуметтік төлемдерге жұмсалады. Кірісті арттыру мәселесін бірден шеше алмаймыз. Басты мәселе – азаматтарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету", – деді қаржы министрлігінің басшысы.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.