Сотталған адам жалға алған үйлерде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

1 511

© Sputnik / Тимур БатыршинСарыағаш ауданының тұрғыны ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті ұйымдастырған, деп хабарлады бас прокуратура,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бірнеше үй-жайды жалға алып, онда ойын автоматтарын орнатқан және интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Заңсыз қызметтен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден астам соманы құраған", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанымен, бастапқы шешімде заңсыз табысқа қатысты мәселе қаралмаған. Кейіннен бұл жайтқа құқық қорғау органдары назар аударып, істі қайта қарау басталды. Жоғарғы соттың қолданыстағы түсіндірмелеріне сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған барлық табыс толық көлемде, ешқандай шығындарды шегермей, мемлекет кірісіне өндірілуге тиіс. Осыған байланысты Бас прокуратура кассациялық тәртіппен наразылық енгізді. Нәтижесінде сот актілері қайта қаралып, өзгертілді. Қорытындысында, сотталған азаматтан ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру арқылы тапқан 20,9 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілген.