"Адам ұшыратындай": Нұр-Сұлтанды шаңды дауыл басты

401
Нұр-Сұлтанда бүгін қатты жел тұрып, шаңды дауыл басталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі қалада жылдамдығы секундына 20 метр жел соғып, найзағай ойнайтынын ескерткен болатын. 

"Жел адам ұшыратындай", - деп бөлісті тұрғындар. 

Дәл қазір елордада кұн бұлтты, аздаған жаңбыр жауып тұр, ауа температурасы 15 градус.  

Ертең де жаңбыр болады, күндіз температура +13 градус, түнде 5 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. 

 Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынған еді.

 Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстіктің таулы аудандарында, еліміздің орталық өңірлерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр күтіледі.
 
Таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында және тау бөктерінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен батысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың басым бөлігінде жел 15-20 м/с, солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 23-28 м/с дейін күшейеді.

Еліміздің оңтүстік-батысы мен шығысындағы жекелеген аудандарда тұман күтіледі. Түнде солтүстік-батыста, батыста, күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, облыстың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні 25 м/с дейін жетеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.