Ерлі-зайыптылар оққа ұшып, тірідей жанып кеткен

545

Алматыда ерлі-зайыпты жантүршігерлік жағдайда қаза тапты. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, олар 7 қаңтарда Назарбаев және Сәтпаев көшелерінің қиылысында оққа ұшып, көлігінде тірідей жанып кеткен, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

Қаза тапқан ерлі-зайыпты – желтоқсан оқиғасына қатысқандар. Оларға оқ жаудырғындардың кімдер екені әзірге белгісіз. 
64 жастағы Гүлзифа Құлсұлтанова мен 73 жастағы Қуат Биткенбаев 7 қаңтар күні сағат кешкі 19:00-лер шамасында үлкен қызының үйінен қонақтан шығып, үйлеріне қайтқан. Алинаның айтуынша, олар Назарбаев көшесімен түсіп, Сәтпав көшесіне бұрылмақ болған екен.
Сол кезде белгісіз біреулер марқұмдардың көлігіне оқ жаудырған. Соның кесірінен жанармай багы жарылып, марқұмдар көлікте тірідей жанып кеткен. Қаңқасы ғана қалған көлікте ерлі-зайыптының сүйек қалдықтары әлі жатыр.
"Қазір полиция тексеріп жатыр. Өйткені алаңдағы "Сергек" камералары әлі толық зерттелмеді. Назарбаев көшесінен өткенде көліктің сол жақ қапталынан атқан. Көліктің багы тесілген. Қауіпсіздік белдіктері де шешілмеген күйі жанып кеткен. Қаңқаларын алып кетті екеуінің. Міне, әкемнің жамбас сүйегі жатыр, мамамдыкі әне шашылып жатыр. Әкемнің бас сүйегі міне жатыр", — деді марқұмдардың ұлы Мәулен Биткенбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.