Таразда аялдамадағы қайғылы жағдайдан екі адам көз жұмды

462

Тараздағы автобус аялдамасындағы қайғылы оқиғадан адамдар зардап шекті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Дәріглердің айтуынша 15 қыркүйекте сағат 07.00 шамасында жедел жәрдем станциясына қоңырау түскен. Мыңбұлақ ықшамауданындағы көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жандарға  медициналық көмек көрсету қажет болған.
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасы төрт адамның зардап шеккенін айтады. 


"Оның ішінде бір әйел жансақтау бөліміне жеткізіліп, қажетті ем жүргізіледі. Әйелде жабық бас миының жарақаты, бас миының шайқалып, сол жақ төменгі аяғының ортаңғы үштен бір бөлігінің жабық сынуы және оң жақтағы төртінші және бесінші саусақтары сынған.


Тағы бір азаматшаға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ол жабық бас жарақатын алған. Сонымен қатар басының төбе аймағының жарақатын алған. Оған емханасында амбулаторлық емделу ұсынылды", – деді басқармада.

Оқиға орнында екі әйел жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Олардың шамамен жасы – 40-45 және 60-65 жас.


Полиция Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады.