Кәмелет жасқа толмаған қыздарды жезөкшелікке тартқан

1 563

Фото vecherka.tjШымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жезөкшелер үйлерін ұйымдастырып, кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан 12 адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыбайластар Шымкент, Тараз және Қызылорда қалаларында жұмыс жасаған. Олардың арасында 20-30 жас аралығындағы қыз-жігіттер, осы қалалардың тұрғындары, сондай-ақ Өзбекстанның бір азаматы болған.


“Қаскөйлер 15-16 жас аралығындағы кәмелетке толмаған қыздарға интимдік қызмет көрсеткені үшін күніне 20 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін ұсынған. Қыздар келісім бергеннен кейін оларды арнайы жалдамалы пәтер немесе үйлерге орналастырған. Соның ішінде оларды бақылауда ұстап, тек клиенттерге қызмет көрсеткенде босатқан”, – делінген хабарламада.


Олар қыздарды кетіп қалмас үшін интимдік видеолармен бопсалап, қорқытқан. Жұмыс істеуден бас тартқандарды ұрып-соғып азаптаған. Жеңгетайлықпен айналысқандар екі қызға ыстық үтік басып, мойындарына 10 миллион теңге қарыз жүктеген.


Тергеу топтың қылмыстары туралы жеткілікті дәлелдерді жинады, дегенмен ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және адам саудасы бойынша айыпты сот дәлелденбеген деп таныды.


Кінәлілер 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.