Алматы тауларында екі турист үсіп қалған
Қарасай ауданындағы «Терра» алаңы маңында теңіз деңгейінен 2600 метр биіктікте Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары екі туристке көмек көрсетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
2003 және 2004 жылы туған жастар таулы аймаққа көтерілген. Алайда ауа температурасының төмендеуіне байланысты тоңып, өздігінен төмен түсе алмаған.
Құтқарушылар екі туристі аман-есен экологиялық бекетке дейін жеткізді. Медициналық көмек қажет болмағандықтан, олар үйлеріне өздігінен қайтты.
ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын және күннің бату уақытын ескеріңіз. Туристік соқпақтардан шықпаңыз және өз күшіңізді дұрыс бағалаңыз.
Қаз
Рус






