Сірке қышқылы уланған 4 адам қайтыс болды
Петропавлда сірке қышқылы мен дәрі-дәрмекті көп мөлшерде пайдаланудан уланғандар саны артқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Петропавл қалалық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері осындай 11 оқиға тіркелді, төрт жағдайда адам өлімімен аяқталды. Ал былтыр уланған 79 адам ауруханаға түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, уланудың негізгі себептері — өзіне-өзі қол салу әрекеті және абайсызда ішіп қою.
Сірке қышқылын ішу салдарынан ішкі ағзалар мен тыныс алу жолдары күйіп қалады. Зардап шеккен адам азап шегеді, қатты ауырсынып, дем ала және жұта алмайды. Бауыр, бүйрек және басқа мүшелер ауыр зақымданады. Ал 5-7 күннен кейін арты өлімге әкеледі немесе науқас асқынудың салдарымен күресіп, ұзақ уақыт ем қабылдауы қажет.