Жасөспірім жігіт оқушыны ұрып, ақша бопсалаған
Астана маңындағы Талапкер ауылында жасөспірім жігіт мектеп оқушысын ұрып-соғып, ақша талап еткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға 2 қараша күні кешкісін жәбір көрген оқушының үйінің маңында болған.
Жергілікті тұрғындар мұндай жағдайдың бірнеше рет қайталанғанын айтады.
Ақмола облысының Полиция департаменті бұл іске қатысқандардың барлығы анықталғанын, соққыға жыққан жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттемелерін орындамағаны үшін жазаланатынын хабарлады.
Қаз
Рус






