Ер адам әріптестерін «ата-анам қайтыс болды» деп алдап, ақша жинаған
Астанада ер адам жұмысындағы әріптестерін алдап, ата-анасы қайтыс болды деген жалған ақпарат таратқан. Ол бұл әрекеті арқылы «жұмыстан сұрану» мен «қайғысына ортақтасқан» қызметтестерінен ақша алу мақсатында істеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, ер адам алғашында басшылығына әкесінің қайтыс болғанын айтып, демалыс сұраған. Әріптестері оған көңіл айтып, көмек ретінде қаражат жинаған. Бір аптадан кейін ол анасының да қайтыс болғанын хабарлап, тағы да ақша алған.
Алайда әріптестері күмәнданып, анасына хабарласқанда оның аман-есен екенін білген. Осылайша, ер адамның алаяқтық әрекеті әшкере болған.







