Қызылордада мемлекеттен қаржы алған шығармашылық үйірмелер тексеріліп жатыр

1 567

© Sputnik / Владислав ВодневҚызылорда облысында балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша зерделеу жұмыстарында бірқатар кемшіліктер анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының хабарлауынша, зерделеу барысында өнім берушілердің сабақ кестесіне сәйкес болмауы, бейнебақылау, өрт қауіпсіздігі жүйесінің орнатылмауы секілді кемшіліктерге жол бергені анықталды. Сондай-ақ сабақ өтетін орындарға қойылатын талаптар орындалмаған. Құрал-жабдықтар толық емес, мекенжайдан көшіп кеткендігі сынды келеңсіздктер бар. Бейнебақылауды қарап көру барысында балалардың толық немесе мүлде болмауы жағдайы кездескен. Бұл бойынша 28 тамыз және 4 қыркүйек аралығында шығармашылық бағытта 23 өнім берушінің жұмысы зерделенді. Анықталған кемшіліктер бойынша құқық қорғау органдарына хат жолданды. Өнім берушімен жария офертаға сәйкес келісім-шарт біржақты бұзылатын болады», - деп мәлім етті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.