Қызылордада қылмыстық атқару жүйесі департаментінің кеңесі өтті

427
Қызылорда облысында ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиевтің төрағалығымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Жедел кеңесте департаменттің 2022 жылдың 9 айында атқарылған жедел-қызметтік жұмысы талқыланды. Жедел кеңес жұмысына ҚАЖД және ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары, қалалық, аудандық пробация қызметтерінің бөлім бастықтары және облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ғ. Қарағұлов қатысты. 

Осы жылдың 9 айында жұмыс қорытындылары туралы департамент бастығының орынбасарлары М.Нәкенов пен Ж. Әбдіқайыров жедел-қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және пробация қызметінің жұмысына тоқталып өтті. Одан соң облыстық Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ғ.Қарағұлов баяндама жасады. 

Жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесу, арыз-шағымдардың уақытылы орындалуы, сапалы қызмет көрсетілуі жөнінде мәселелерді баяндады. Қызметкерлерге заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтап, тек заң аясында қызмет атқару керектігін айтты. 

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту, олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізу, медициналық, психологиялық көмек бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырса, пробация қызметіне есептегі азаматтар тарапынан қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқару жөнінде тапсырма берді.