Тоқаев: Егер шенеунік 60 жасында қызметін жақсы атқарып жүрсе, оны жұмыстан шығаруға болмайды
252
Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің онлайн-отырысында мемлекеттік басқару жүйесі реформалауды талап ететінін, сондай-ақ, бастамашыл емес қызметкерлермен қош айтысу керектігін айтты. Алайда президент жасы келген шенеуніктің бәрін жұмыстан шығарып, олардың орнын жастармен алмастыра берудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Тоқаев елімізде мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімнің төмендігі кадрлық мүмкіншіліктердің аз болуынан, жемқорлық, кадрлардың жиі ауысып отыруынан, формализм себебінен дейді.
"Мемлекеттік қызметке кадр іріктеу жүйесін жетілдіру қажет, қызметке қабылданудағы артық кедергілерді алып тастау керек. Қызметке қабылдану мен қызмет бойынша өсудің шынайы принципі - меритократия принципі болуы тиіс.
Мемлекеттік қызмет кез-келген қазақстандыққа ашық болуы міндетті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтен кетудің тәртібін жеңілдету керек. Жаңа дүниелер ұсынуға қабілетсіз кей шенеуніктер кабинеттерінде жылдар бойы отырып, болашағынан үміт күттіретін жастардың өсуіне жол бермейді, мемлекеттік аппараттың тиімділігін төмендетеді. Мұндай шенеуніктермен қош айтысу қажет.
Алайда барлық шенеунікті жұмыстан шығарып, жастармен алмастырудың қажеті жоқ. Бұндайда ақылға салу керек. Егер адам 60 жасында жұмысын ойдағыдай атқара білсе, институтционалды түрде ойлай алса, мемлекеттік қызметке пайдалы болса, оны жұмыстан шығаруға болмайды", - деді Тоқаев.
Президент мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен үкіметке осы талаптарға лайық механизм жасақтауды тапсырды.