Еліміздегі тағыбір білім ошағы лицензиясынан айырылды

287
Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университеті өзінің лицензиясынан айырылды- деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі   Білім және ғылым министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрлік бұған дейін  жоғары оқу орны бас лицензиясынан айыру алдында тұрғаны туралы ескерткен болатын. Қайта тексеру қорытындысы бойынша тексеру парағының 46 тармағынан 39 тармағы бойынша бұзушылықтар анықталды. Университетке сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді. Алайда, жоғары оқу орны берілген уақытты білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмысты жүргізу мәселесіне емес, сот талқылауына және ҚР БҒМ комитетінің іс-әрекеттеріне шағымдануға жұмсады. Нәтижесінде Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ЖОО лицензиясынан айырылды. 

«Біз жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.