Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат берілмек

448
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін "Отбасы банкіне" аударуға мүмкіндік беру керектігін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, бұл қазақстандықтардың ақшаны сауатты жұмсауына септігін тигізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Президент зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының әсері қазірдің өзінде байқалып жатқанын алға тартты.

Оның айтуынша, бұл бастамадан кейін қазақстандықтардың дені жұмыс берушілерден "таза" жалақыны талап ете бастаған.

"Азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін кейіннен тұрғын үй сатып алу үшін "Отбасы банкіне" аударуға рұқсат беру қажет. Бұл ақшаны жинау мен тиімді жұмсауға ынталандырады", - дейді мемлекет басшысы.

 Айта кетейік, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде халыққа жолдаған үшінші жолдауы. Екінші жолдауымен ол ел алдына 2020 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан еді. Алғашқысы 2019 жылдың 2 қыркүйегінде жолданған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.