2 адам көп қабатты үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды

1 536

Фото: КрышаЕлордада екі адам көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп, көз жұмды. Екі оқиға бір-бірімен байланысты емес, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«18 желтоқсанда «Хайвил» тұрғын үй кешенінің аумағынан мәйіт табылғаны туралы хабар түсті. Тексеріс барысында қаза тапқан ер адамның кім екені анықталды. Алдын-ала дерек бойынша ол суицид жасаған», - делінген Астана қаласының Полиция департаментінің хабарламасында.

Шамамен осы уақытта қаланың басқа бөлігіндегі тұрғын үйдің 18-ші қабатынан әйел адам құлап кеткен.

Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.