Әскерге шақырылған азамат несиесін 13 айдан кейін өтейді
249
Елімізде борышын өтеуге шақырылған қызметшінің несиесі бар болса, оны 13 айдан кейін төлей алады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері Руслан Тапашевтің айтуынша, қазір мерзімді әскери қызметке шақырылатын және мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген азаматтардың несиесін кейінге қалдыру мәселесі жиі талқыланып жатыр.
«Қазақпараттың» жазуынша, азамат әскери бөлімге барғаннан кейін бөлім командиріне өтініш беріп, анықтама алады. Сол құжат сенімхат бойынша әскери қызметті өткеруші адамның туыстарына беріледі. Туыстары анықтаманы қарыз алған екінші деңгейлі банктерге ұсынады және сол сәттен бастап несиені төлеу кейінге қалдырылады.

Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі былтыр 5 желтоқсанда меморандумға қол қойды. Соған сәйкес, іс-қимыл алгоритмі бекітілді және қOpennews.kzазір бұл бағытта толыққанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Енді әскери қызметке шақырылған немесе оны өткеруші азаматтарға әскери бөлім ұсынған анықтама арқылы екінші деңгейлі банктер алдындағы олардың несиесі кейінге қалдырылады. Бұл уақыт 13 ай деп көрсетілген. Өйткені, әскери міндетті өтеу мерзімі – 12 ай. Ал қосымша 1 ай әскерден келгеннен кейін жұмысқа орналасуы үшін беріледі, – деді аға офицер Руслан Тапашев.