Сарбазды ұрып өлтірген офицер жеті жылға сотталды

1 266

Фото: facebook.com/rinat.rafkhatАлматы гарнизонының әскери соты биыл мамырда әскери госпитальге түсіп, ауруханада көз жұмған қатардағы жауынгер Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әскери бөлімдегі лейтенант Жанбота Шәкіровке «билiктi асыра пайдаланды» деген айып тағылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қоғам белсендісі Ринат Рафхат бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.


«Әскердегі әлімжетіктің салдарынан ауруханаға түсіп, 10 күннен кейін көз жұмған жас сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісі бойынша айыпталған лейтенант Шәкіров ҚК 451-бап «Билiктi асыра пайдалану» 2-тармағымен 7 жыл бас бостандығынан айырылды», - деп жазды ол.

Жанбота Шәкіров сотта марқұмның ата-анасынан кешірім сұрады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.