Қоқыс маңында табылған баланың денесі: анасы мен ағасы кісі өлтіргенін мойындады

415
Алматы облысында 4 жасар мүгедек қызды өлтірді деген күдіктілер қамауға алынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, 17 мамырда Сарқандағы тұрмыстық қоқыс тастайтын жерден қыздың мәйіті табылды. Көп ұзамай полицейлер церебральды сал ауруы мен туа біткен ақыл-ойы кемістігі бар баланың 19 жастағы анасын анықтады. Осы жылдың ақпан айында бала ауырып, кенеттен қайтыс болды-мыс. Мәйітті қала шетіне апарып, күдіктінің 21 жастағы ағасы жерледі.

Тергеу барысында полицейлер баланы өлтірген ұсталғандарды кінәлі деп танып үлгерді. Анасы мен ағасы қызды тұншықтырып өлтіріп, мәйітті қоқысқа апарып, көмгенін мойындады.

Баланы өлтіргені үшін туыстарына жиырма жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады (ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі).