27 жылдық тәжірбиесі бар ұстаз бірінші сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазған
472
Көкшетаудағы мектептердің бірінің мұғалімі бірінші сынып оқушыларының маңдайына "дәптер" деп жазған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 18 қазан күні Көкшетау қаласындағы №13 "Экос" мектеп-гимназиясында болған.
Сабақ өту барысында 12 оқушының дәптерлерін үйде ұмытып кеткендігі белгілі болады. Педагог ұмытып кетпеудің ең қолайлы әдісін тауып, шәкірттердің маңдайына "дәптер" деп жазып қойған.
Білім ордасының директоры Светлана Ахметжанованың айтуынша, ерсі әрекетке барған мұғалімнің 27 жылдық кәсіби тәжірибесі бар көрінеді.
"19 қазан күні еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес біржақты тәртіппен бұзылды ((тәрбиелік функцияларды орындайтын қызметкердің бұл жұмысты жалғастыруға сәйкес келмейтін әдепсіз әрекеті)", - деп түсінік берді мектеп әкімшілігі.
"Қазіргі уақытта сыныпта оқу процесі жалғасуда. Балалармен психолог жұмыс жасаса, ал ата-аналармен жиналыс өткізілді", - деп түйіндеді ведомство.