Қаралы күнде экс-шенеуніктер ойын тамашалап жүр

216

Бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин мен Қазақстанның экс-мемлекеттік кеңесшісі Әділбек Жақсыбеков Түркияда ойын тамашалауда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ойын Стамбұлдағы Ататүрік стадионында өтті. Ағылшынның “Манчестер Ситиі” итальяндық “Интерді” жеңді.  


Стадион маңында кезек күткен адамдар арасынан жұрт Мамин мен Жақсыбековті де байқап қалған.


Еске салсақ, қаңтардағы оқиғаларынан кейін премьер-министр Мамин бастаған үкімет отставкаға кетті. Содан кейін Үкіметтің бұрынғы басшысы ел алдына көп шыға қойған жоқ.


2022 жылдың қыркүйегінде Маминнің Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулинмен және  Әділбек Жақсыбековпен Астанадағы мейрамханалардың бірінде түскен суреті тараған болатын.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.