Перизат Қайраттың қымбат көліктерін министрлік мініп жүр

1 541

фото: коллаж JuzmediaПеризат Қайраттан тәркіленген қымбат көліктер мемлекеттік органдардың қызметтік автопаркін толықтырған. Бұл туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеген,- деп хабарлайлы  Оpennews.kz ақпарат агенттігі Juzmedia.kz порталына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тәркіленген мүлікті мемлекеттік қажеттілікке пайдалану бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа көлік сатып алудың орнына тәркіленген люкс көліктер мемлекеттік мекемелердің меншігіне берілген. 

Атап айтқанда, Перизат Қайраттың Mercedes автокөлігі Астана қаласының полиция департаменті, ал Lexus жол талғамайтын көлігі Қаржы министрлігі мініп жүр. Бұдан бөлек тәркіленген басқа да люкс санатындағы көліктердің қай мекемелерге тапсырылғаны әзірге жарияланған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін аталған көліктер саудаға шығарылған. Алайда, сатып алушылар табыла қоймады. Перизат Қайраттың өзі алаяқтық ісі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылып, қазір жазасын өтеп жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.