БҚО-да есірткі жасырумен айналысқан студент ұсталды

1 122

Фото: Polisia.kzБҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады, - деп хабарлайды "Opnnews.kz" ақпарат агенттігі.

26 тамызда Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі жасырумен айналысып жүрген 18 жастағы студентті ұстады. Ол Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды.

Студентті тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет тәркіленді.

"Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Ұсталған кезде күдікті 4 зип-пакетті жасырып үлгерген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.