Заңсыз жолмен алаяқтық жасағандар ұсталды

1 536

Фото: ©pixabay.comСемейде алаяқтықпен айналысқан күдіктілер қолға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  Kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.

Семей қаласында полиция мемлекеттен заңсыз жолмен тұрғын үй алып беру туралы уәдемен байланысты ірі көлемдегі алаяқтық фактісін тіркеген. Қаланың 36 жастағы тұрғыны тамыз айында 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банктік шотына 5 миллион теңге аударғанын айтып, полицияға арызданған. 

Ерлі-зайыптылар жәбірленушіге кезексіз, мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беруге "мәселені шешіп береміз" деп уәде еткен. Алайда уәде орындалмаған, аударылған қаражат жәбірленушіге қайтарылмаған. Аталған дерек бойынша адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы ірі мөлшерде жасалған алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Күдіктілерден келу туралы міндеттеме алынған. Полиция мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер немесе жеңілдіктер мәселесін заңсыз жолмен шешіп беру туралы ұсыныстар - қылмыстық жауапкершілікке апаратын тікелей жол екенін ескертеді. Делдалдарға сенбеңіздер және ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.