Орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары

1 526

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігіҚызылорда қаласы аумағында жыл басынан бері 69 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда (106 өрт) төмендеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Ғабит Бабаев баяндады.


Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесімен және құзырлы органдармен бірлескен мобилді топ құрылып, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндерінде орман дала алқаптарына рейд жұмыстарын жүргізуде. Рейд барысында орман дала алқаптарында орналасқан 48 шаруа қожалықтарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпе парақшалары таратылуда. Оған қоса, саяжай аумақтарында дауыс зорайтқыш құрал арқылы орман дала өртінің қауіптілігі жөнінде құлақтандыру жұмыстары жүргізілді. 28 дана ескертпе тақтайшалары орнатылды. Сондықтан қала тұрғындарын қауіпсіздік ережелеріне басты мән беруге шақырамыз, - деді Ғабит Әбдінәбиұлы.


Сонымен қатар, ірі және созылмалы өрттер орын алған жағдайдағы өрт сөндіру техникаларының және қосымша күш құралдарының дайындығы мен іс-қимылдарын пысықтау мақсатында «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесі, жергілікті атқарушы органдар және жедел әрекет ету құрылымдары мен коммуналдық қызмет көрсету бөлімдерін қатыстыра отырып 2 оқу-жаттығу өткізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.