Бір үйдің 11 және 12 жастағы қыздары мектепке мүлдем бармаған

1 513

Фото: Kyn.kzАлматы облысының тұрғыны Ақерке Баймаханбетова құжаттың жоқтығынан екі қызын мектепке бере алмай отырғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

51 жастағы әйел Жамбыл облысында туып, Шуда өскен. Айтуынша, Шымкенттің жігітіне тұрмысқа шыққан. Екінші қызын босанғаннан 20 күннен кейін күйеуі қайтыс болып кетеді. Сөйтіп оны туыстары әмеңгерлікпен қайын інісіне әйел қылмақшы болған. Бірақ ол келіспей, қашып кеткен.

Екі қызымен бал бағып жүріп қыздарының құжатын жоғалтып алған. Қыздарын бірнеше мәрте мектепке бергісі келген, алайда құжатсыз еш жер қабылдамаған.

12 және 11 жастағы қыздар 42 әріптің жартысын ғана таниды.

«Менің арманым сабаққа бару. Қызыл диплом алғым келеді. Анамнан сұрағанмын, бірақ біздің құжатымызды жасағаннан кейін барасыңдар дейді. Терезеден сабаққа кетіп бара жатқан қыздарды көргенде мен де мектепке барғым келеді», - дейді 11 жастағы Жансая.

Қонаев қаласындағы мектеп екі қызды қабылдап, құжаттарын жасау мәселесіне кірісті. Альбина және Жансая бастауыш сыныбына қабылданып, алдағы уақытта өз қатарластарына қосылады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.